ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ
ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

Mobirise

    Қазақстан киносының тарихында кино саласының дамуына ерекше үлес қосқан тұлғалардың бірі Шәкен Айманов. Ол қазақ киносының негізін қалаушы болып табылады.
2024 жылы актер, театр және кино режиссері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 110 жыл толады.
    Актер мен режиссердің шығармашылығына «Шәкен Айманов» (1974), «Шәкен Айманов: адам және аңыз» (2014, реж. Б. Нүсіпбеков) деректі фильмдері арналды.
    Алматыда Аймановтың құрметіне көше мен киностудия аталған; Айманов тұрған үйде және «Қазақфильм» киностудиясының ғимаратында мемориалдық тақталар орнатылған.
    2003 жылдан 2014 жылға дейін Алматыда жылсайын «Шәкен жұлдыздары» анимациалық фильмдер фестивалі өтті.
Павлодарда оның есімімен Баянауылдағы көше мен орта мектеп аталады.
Баянауылда Шәкен Аймановқа ескерткіш орнатылған.
    1980 жылы Павлодар қаласында Ш. Айманов атындағы кинотеатр ашылды.
    2024 жылы Павлодарда Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Сұңғыла» атты жаңа кітап шығарды. Онда қазақтың белгілі тұлғаларының естеліктері мен мақалалары топтапстырылған.
    Осы электрондық энциклопедиялық құрал «Павлодар қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында орналастырылды.
 
Оның негізгі мақсаты:
• Актер, театр және кино режиссері Ш. Қ. Аймановтың 110 жылдығына арналған электрондық құрал жасау;
• оқуға, мәдениетке және тарихи мұраға деген қызығушылықты арттыру;
• «Кіші» Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, рухани құндылықтарға баулу.
• актер және режиссер Ш. К. Айманов туралы мақалаларда қысқаша ақпарат, әдебиеттер тізімі берілген.

Mobirise

Өмірбаяны

    Көрнекті театр және кино режиссері, ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосқан актер. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1928-1938 жж. Семей қаласында педагогикалық техникумында оқыған. 1933 жылы Алматыға келіп, қазақ драма театрында бас режиссері болды (қазіргі М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының). Кең шығармашылық диапазондағы актер, негізінен ұлттық репертуарда басты рөлдерді ойнады және көрермендерді өзінің ерекше талантымен, кейіпкерлерді түсіну тереңдігімен тәнті етті. Оның ең үздік рөлдерінің қатарына: Ақан сері (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты»), Қобыланды (М. Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды»), Казанцев (М.Әуезовтің «Түнгі сарын») жатады. Актерлік қызметтен басқа Айманов режиссурамен айналысты.

    1937 жылдан бастап киноға түседі. Ол қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі «Амангелді» фильміне алғаш рет түседі. Бұл картинада режиссер Моисей Левин оған эпизодтық рөл - сарбазды берді.

    Ш. Айманов театрдан киноға ауысуының себебін «Мен театрды жан-тәніммен сүйемін, бірақ ол кино сияқты қалың көрерменге жетпейді. Спектакль бір театрда жүреді, әрі кетсе, бірнеше театрда қойылуы мүмкін. Ал фильмді мыңдаған адам көреді» деп түсіндірген екен.

    1953 жылдан «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1954 ж.), «Дала қызы» (1957 ж.), «Біз осында тұрамыз» (1956 ж.), «Біздің сүйікті дәрігер» (1957 ж.), «Жол түйісі» (1962 ж.), «Алдар көсе» (1964 ж.), «Атамекен» (1966 ж), Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1957 ж.) мен «Тақиялы періште» (1968 ж.) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970 ж.) фильмі режиссер Ш. Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.

    Ш. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы қызметін атқарды.

    1970 жылы 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады. Алматы қаласында жерленді.


Mobirise
Mobirise



Яндекс.Метрика