Бұл көркемсуретті фотоальбом Қазақтың ұлттық өнерінің айбыны, театр сахнасында классикалық образдарды сомдаған тамаша актер, дарынды режиссер, қазақ киносының қалыптасуына, дамуына өлшеусіз үлес қосқан ХХ ғасырдың ұлы тұлғаларының бірі - Шәкен Аймановқа арналған.
Бұл кітапқа Шәкен Айманов туралы жазылған Ә. Кекілбайұлының, А. Әшімовтің, К. Кенжетайұлының, Ә. Сығаевтың тағы басқаларының әр кездегі жазылған естелік мақалалары қамтылған
Эти мемуары, состоящие из новелл, выпустило издательство «Онер» в 1984 году. Грустные, порою смешные и очень искренние воспоминания оператора о внезапно погибшем друге являются его данью уважения памяти одного из сильнейших национальных кинорежиссеров нашей страны
Автор книги – талантливый опорный певец и режиссер, народный артист Казахской ССР Каукен Кенжетаев делится воспоминаниями о своем брате, известном казахском актере и кинорежиссере Шакене Айманове, о истоках его таланта и творческой судьбе.
Кітап КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, дарынды актер, қазақтан шыққан тұңғыш кинорежиссер, қоғам және мемлекеттік қайраткер Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітапта Ш. Айманов жайындағы замандастарының, әріптестерінің мақалалары мен естеліктерінде ұлы режиссердің кәсіби шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, адами қасиеттері көрініс тауып, шығармашылық зертханасын түсінуге талпыныс жасалынған. Кітап қазақ, орыс тіліндегі бөлімдерден тұрады.
Бұл кітапта опера әншісі, Қазақ КССР-нің халық артисі К. Кенжетаев көрнекті актер, режиссер, СССР халық артисі, СССР және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың балалық шағы мен өмір жолы, творчествосы туралы сыр шертеді. Сондай-ақ ұлттық операмызға өзінің келу тарихы мен қазақ сахнасының ардагерлерінің көпшілік қауымға белгілі емес өмірдегі және өнердегі сәттері туралы әңгімелейді.
Книга о жизни и деятельности выдающегося казахского режиссера и актера Шакена Айманова. Основной внимание автора обращено на плодотворнейшую деятельность Айманова в казахском театре. Автор анализирует сценические создания замечательного актера, в которых он выступает как художник-гуманист с острым чувством самых передовых общественных тендеций своего времени. Прослеживая формирование творческой индивидуальности Айманова, стремится раскрыть глубину и самобытность его таланта, определить его вклад в развитие казахского искусства
Книга кандидата искусствоведческих наук К. Сиранова знакомит с творчеством народного артиста СССР Ш. К. Айманова – ведущего актера и режиссера казахского кино. В ней анализируются наиболее значительные роли Айманова: Шарип в фильме «Песни Абая», Жамбул в фильме «Джамбул», прослеживается процесс становления его как режиссера, начиная от первых постановок в театре до серьезных работ в кино, как «Земля отцов», «Дочь степей», «Мы здесь живем», «Наш милый доктор» и др.
Шәкен Аймановтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналып отырған бұл кітап-альбомда бала Шәкеннің жас кезінен бастап, жер-жаһанға танылған кемел шағына дейінгі – осы күнге дейін әр жерде сақталынып келген отбасылық, ұжымдық және мемлекеттік орындардан жинақтап алынған аса құнды, тарихи фотосуреттер топталған.